A review by zhakoreading
The Book of Words by Richard McKane, Abay Qunanbayuli, David Aitkyn

Did not finish book. Stopped at 35%.
Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?

Қазақ ойлайды: бірлік аты – ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. 

Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет…
(Қайрат, ақыл, жүрек туралы)

Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді.

Абайдың ең танымал “қара сөздер” жинағын оқып бастап, жиырмасыншылардай сөздерге жете келгенде, көңілім қалды деген ойға жеттім.

Сөздердің көбісі жақсы болып келгенде, басқалары құдайға қарап, қазақ халқын талқандап, орыстарды қазақтарға салыстырады.

Ресей империясынан құтылғымыз келгенде, Абай атамыз “орыстар бәрін дұрыс істеп жатыр” деп айтқысы келеді қазақ баласына…

***

Өзіменен-өзі әуре болып, біріменен-бірі ешбір шаһары жауласпайды! 

Қазақ халқымызды айыптау деген дұрыс емес деп ойламамын,- коллективті рефлексия деген жақсы! 
Сол себебі осы екінші сөзінен үзінді маған ұнады,- мен толықтай келісемін!! Қазақтың тарихы деген құр уақыт өлтіру,- өз-өзімен келіспей, бірі-бірін тонап жүрген халық…

Құр жүздерге бөлініп дауласу…

***

Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Құдайға сиынындар деген ойы маған ұнамады. Көне, ескірген позиция.

(Көнелігі туралы ештеңе айтпас едім- бірақ қазақтың көбісі “қара сөздер” жинағы қазіргі таңда да актуальді дейді)

***

Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Әуелі – өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? 

Сүйікті қара сөзім <3 (оныншы)

***

Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, ынсапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті.

Әлі де актуальді сөздер!!!

***

Бітірмеген себебі- Абайдың сөздері көбінесе Құдайды еске алады, маған ол ынғайсыз.

Орыстарды тек басында ғана талқылады (құдайға шүкір лол), сондықтан ызама ештеңе тимеді соңына қарай. Бірақта әрі қарай оқымаймын деген ойға өзімді ұстадым.

Меннен всё.